Freedom Inside '26

Маңызды құлаққағыс! Салық органдары 13 күн қалғанын ескертті

Маңызды құлаққағыс! Салық органдары 13 күн қалғанын ескертті
gov.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға пәтер, үй, саяжай, гараж және басқа да жер учаскелері үшін 2024 жылға есептелген мүлік салығын уақытында төлеуді ескертті. Бұл төлем барлық жылжымайтын мүлік иелеріне міндетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалай хабарланды?

Салық сомасы туралы қағаз түріндегі хабарламалар шілдеде жіберілген. Сонымен бірге, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар да таратылған.

Уақытында төлемеген жағдайда:

  • 1 қазаннан кейін әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.

  • Салық органдары борышкерге қарыз туралы ескерту жібереді.

  • 14 қарашадан бастап 1 АЕК-тен (3 692 теңге) жоғары берешек болса, өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығарылады.

  • Егер бұдан кейінгі 5 жұмыс күні ішінде төлем жасалмаса, құжаттар жеке сот орындаушыларына беріледі.

Жеке сот орындаушыларының өкілеттіктері:

  • Борышкердің банк шоттары мен қаржысын бұғаттау;

  • Жылжымайтын мүлік пен өзге де мүлікке қатысты мәмілелерді шектеу;

  • Егер қарыз 40 АЕК-тен (147 680 теңге) асса, борышкердің елден шығуына тыйым салу.