Немістің Deutsche Welle агенттігіне сұхбат берген Тоқаев "Қырымдағы жағдайды аннексия деп айтпаймыз" деген еді.
Тайжанның пікірінше Мемлекет басшының Ресейдің Қырымды басып алғанын білмеуі мүмкін емес. Ал айтпауының себебі бар.
"Қырым аннексияланған ба?..
БҰҰ, ЕО және бүкіл өркениетті әлем, әрине ол аннексия және халықаралық құқық негіздерін өрескел бұзу деген пікірде. Қалай сонда, МХҚМИ түлегі, дипломат, көп жыл сыртқы істер министрі болған, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Тоқаев мұны білмейді деп ойлайсыздар ма?
Әрине, біледі оны. Онда ол бүгінгі сұқбатында неге сөйтіп айтқан жоқ?
Біздің мұнай мен газ, металлдар, рудалар, астық пен көмірдің 100% дерлігі, барлығы экспорт түрі Ресейдің территориясы арқылы өтеді. Бір сөзбен айтқанда, барлық доллар елімізге Ресей арқылы келеді.
Біз дәл сол долларларға импорт сатып аламыз.
Тағы да барлық импорт - жейтін тамағымыздан бастап, киетін киімімізге дейін Ресей территориясы арқылы келеді бізге, пайдаланатын барлық импорт түрі: еденге төселетін паркеттен бастап төбедегі шамдарға дейін, сабын мен дәретхана қағазы, гаджеттер мен теледидар дейсіз бе, бәрі.
Бізде Астананың солтүстігінде әскери бөлімдер жоқтың қасы, барлығы ашық жатыр. Не бола қояды дейсіз, әне астанадан бірнеше жүз шақырым жерде Қарағандының арғы жағында Приозерскіде Ресей әскерлері тұр ғой.
Байқоңыр кімнің қолында екенін, айтпай-ақ та қояйын.
Ай сайын дерлік Капустин Ярдан (Астрахань) ұшырылған баллистикалық зымырандар Астанадан бірнеше жүз шақырым жерде орналасқан Сары-Шағанға келіп құлап жатады. Бірақ олар кездейсоқ қателік жасап алуы да мүмкін ғой, онда Астанамыз жоқ дей беріңіз.
Біздің, тіпті өз қорғанысымыз, әуе қорғанысы да жоқ.Біздің ондаған мың студенттеріміз Ресейде оқиды. Оларды оқудан шығара салуға немесе соққыға жыға салуға әбден болады. Мәселен, 2015 жылы түрік студенттеріне қатысты солай жасалған, ол кезде ресейлік жойғыш ұшақты түріктер атып түсірген.
Енді біздің санамыздың жайына келейікші.
Теледидардағы және көліктегі радио тетіктерін алмастырып қосып көріңізші. Ондағы 100 арнаның 70-і - орыстардікі. Газет-журнал дүңгіршектеріне, кітап дүкеніне бас сұғып көріңізші: 90% -ы - Ресей.Жыл сайын бізде ондаған, тіпті жүздеген мың адам георгий лентасын тағып, шеруге шығады.
Сіздіңше, оларға «бұрынғы Ұлы Отаны», «Ресей Анасы» ренжімейді деп ойлайсыздар ма? Георгий ленталары Калашников мылтықтарына оңай-ақ айналып кетеді деп ойламайсыздар ма? Тура солай Қырымда және Донбаста болды емес пе?
Олар оны әлі де «қайталай» алады.Қырым аннексиясында тәуелсіз ұстанымға ие болу үшін, ЕҢ БІРІНШІ, мықты тәуелсіз экономика, ұлттық идеология, мықты мектептер, қуатты университеттер, тиімді армия құруыңыз керек.
Міне, текке кеткен тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар бойына осы нәрсемен шұғылдануымыз керек еді бізге. Алдағы жылдары да дәл осы нәрселердің орнын толтыруымыз керек.Міне, сол кезде ғана біз ақты ақ, қараны қара деп атай аламыз.
Құдайға шүкір, осының бәріне қарамастан, біз Қырымды Ресейге қосуды ресми түрде мойындамаймыз. Ресми түрде біз Украинаның Қырыммен және Донбасспен қосып алғандағы территориялық бүтіндігін мойындаймыз.
Сіз бен біз ФБ бетінде ойымызға келген кез келген нәрсені жаза аламыз, егер қаласақ, тіпті балағаттай да береміз, бірақ біз еліміз үшін әзірге жауап бере алмаймыз.
Ресеймен ашық қақтығысу дәл қазір біздің мемлекет үшін керек емес нәрсе. Бізге уақыт керек, осы уақыт ішінде біз Қазақстанды жан-жақты нығайтуға міндеттіміз.