2020 жылы із-түзсіз жоғалып кеткен астаналық жігіттің туыстары оны табуға көмектесетін кез келген адамға 3 миллион теңге сыйақы төлеуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
1996 жылы туған Армин Назар Ражұлы 2020 жылдың 6 қазанында үйінен шыққаннан кейін қайтып оралмаған. Ол шамамен сағат 16:00-де Ғабдуллин көшесі 6/1 мекенжайындағы баспанасынан шығып, белгісіз бағытқа кеткен.
«Бойы 186 см, шашы қара, көзі қоңыр, оң көзінің астында меңі бар, дене бітімі арық. Үстінде сары жейде, сұр шалбар және сұр түсті шұлық болған. Үйден аяқ киімсіз шыққан», - деп хабарлады «Qanat» еріктілер ұйымы.
Еріктілердің айтуынша, жігіт бағытты ажырата алмай шатасып, жолдан адасуы мүмкін.
