Танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбай сәбиіне Кенесары есімін қойған 10 отбасыға 4 млн теңге берді

Сағыныш Сардарова 02 сәу. 2026 10:05

Журналист әрі кәсіпкер Нұрсейіт Жылқышыбай және "Аламан" орталығы наурызда дүние келген сәбилеріне Кенесары есімін қойған ата-аналарға қаржылай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

1-31 наурыз аралығында дүниеге келген балалардың ата-аналарына 400 мың теңгеден беріліп, жалпы 10 отбасыға 4 миллион теңге жөргекпұл табысталды.

Бастама ұлттық құндылықтарды насихаттауға, тарихи тұлғалардың есімін жаңғыртуға және жас отбасыларды қолдауға бағытталған.

Ұйымдастырушылар бұл акцияның бір реттік емес екенін атап өтті. Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесарыны ұлықтауға арналған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғаспақ.

Жоба қоғамда тарихи есімдерге қызығушылықты арттырып, ата-аналарды ұлттық мұраға жақындатуды көздейді. Игі бастама әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove