Талғар ауданының полицейлері миллиондаған шығыны бар алаяқтық жасап қамауға түскен күдіктінің қырықыншы эпизодын анықтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
– Сотқа дейінгі тергеу барысында бірқатар қылмыстар үшін тергеу жүріп, 27 жастағы күдіктіге байланысты алаяқтықтың жаңа фактісі анықталды. Белгілі болғандай, ол Қарағандының тұрғынын жеңілдікпен несие алуға көмектесуге уәде беріп, оған 3,5 миллион теңге көлемінде залал келтіріп, алдаған. Бұл іс айыпталушының ісіндегі 40-шы эпизод болды және сотқа беру үшін негізгі қылмыстық іске қосылды, – деп хабарлады полиция.
Қазір алаяқтың құрбандарына келтірілген жалпы шығын 80 миллион теңгеден астам соманы құрап отыр. Полиция күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастыруда.
Құқық қорғау органдары осындай алаяқтық схемалардан зардап шеккен азаматтарды дереу полицияға жүгінуге кеңес беруде. Бұл барлық зардап шеккендерді анықтауға және кінәліні заңға сәйкес жауапқа тартуға көмектеседі.