Әлеуметтік желілерде ұшақ салонында болған төбелестің видеосы тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп dalanews.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
The Sun басылымының мәліметінше, оқиға Нигериядағы Асаба әуежайында United Nigeria Airlines әуе компаниясының UN0523 рейсінде болған.
Видеода екі жолаушының ұшақ салонының ортасында жанжалдасып, арты жұдырықтасуға ұласқаны көрінеді. Желі қолданушылары олардың жергілікті танымал инфлюенсер Matins Otse (Very Dark Man – VDM) және әзілкеш Freedom Atsepoyi екенін жазуда.
Оқиға кезінде экипаж мүшелері дереу араласып, екі жолаушыны да ұшақтан шығарып жіберген. Кейін олар әуежайдың қауіпсіздік қызметіне тапсырылған.
Осы жағдайдан кейін рейс кешікпей, белгіленген бағыт бойынша ұшуын жалғастырған.