Шымкентте есірткіні жасырын орындарға тығып, координат жіберіп отырған ер адам қолға түсті

Шымкентте есірткіні жасырын орындарға тығып, координат жіберіп отырған ер адам қолға түсті
видеодан кадр

Шымкентте полицейлер синтетикалық есірткі таратумен айналысты деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды dalanews.kz "OTYRAR"-ға сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар барысында күдіктіні қылмыс үстінде қолға түсірген. Тексеру кезінде оның жанынан сатуға дайындалған психотроптық зат салынған 40-қа жуық орама табылған.

Тергеу мәліметінше, ер адам қала аумағындағы жасырын орындарға есірткіні тығып, кейін олардың координаттарын мессенджерлер арқылы жіберіп отырған.

Сонымен қатар күдіктінің қаладағы түрлі ғимараттардың қасбеттері мен қабырғаларына есірткі сататын интернет-ресурстарды жарнамалайтын граффитилер салғаны анықталды.