Құрбан айт-2026: қазақстандықтар неше күн демалады?

Құрбан айт-2026: қазақстандықтар неше күн демалады?
ЖИ/dalanews

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылы Құрбан айт мерекесі 27-29 мамыр аралығында өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мерекенің алғашқы күні – 27 мамыр ресми демалыс күні болып саналады. Биыл Құрбан айт сәрсенбіге түсіп отыр. Осылайша, қазақстандықтар аптаның ортасында қосымша демалыс күніне ие болады.

Құрбан айт – мұсылмандар үшін ең маңызды діни мерекелердің бірі. Ол Ораза айтпен қатар исламдағы басты мейрам саналады. Мереке Аллаға жақындау мен құрбан шалудың белгісі ретінде аталып өтеді.

Құрбан айт ислам күнтізбесіндегі зұлхижжа айының 10-күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты мереке күні жыл сайын өзгеріп отырады.