Талғарда бес жасар қыздың көзінше анасын өлтіріп тастады

Dalanews 15 қаң. 2026 18:32

Алматы облысының Талғар ауданында әйел адамды өлтірген күдікті қолға түсті, пышақ жарақатынан көз жұмған марқұм жүкті болған, деп хабарлайды Dalanews.kz

Полицияның мәліметінше, 14 қаңтар күні адам өлтіру күдігімен Рысқұлов ауылының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол марқұмның азаматтық күйеуі болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала деректерге сәйкес, отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Жарақат алған әйелді оның туыстары тауып алған. Сондай-ақ, марқұмның жүкті болғаны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove