Сауд Арабиясында ауа райының қолайсыздығы жергілікті тұрғындар мен корольдік қонақтарын тағы бір тосынсыймен таңғалдырды: елдің бірқатар өңірінде қар жауды. Бұл туралы Al Arabia басылымы жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мәліметке сәйкес, қар Табук қаласын жапқан, ауа температурасы 4 градусқа дейін төмендеген.
Табук пен Хаиль өңірлерінің таулы аймақтарында, әсіресе Джэбаль-эль-Лауз тауы маңында кең аумақтарды қар басқан.
Сирек кездесетін мүмкіндікті пайдаланған жергілікті тұрғындар мен өңір қонақтары шаңғы теуіп, шанамен сырғанап, қар үстінде серуендеген. Олардың видеолары әлеуметтік желілерде жылдам тарап, қызу талқыға түсті.
Сауд Арабиясының Ұлттық метеорология орталығы бұған дейін аймаққа соққан терең циклонның әсерінен ауа температурасының күрт төмендеуі және қар жаууы мүмкін екені жөнінде ескерту жасаған.
