Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары халқына қашан жаңа үй беріледі?

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары халқына қашан жаңа үй беріледі?
ТЖМ
Құлсары қаласында зардап шеккен тұрғындар үшін салынатын үйлердің құрылысы күзде аяқталады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құлсары қаласында зардап шеккен тұрғындар үшін салынатын үйлердің құрылысы күзде аяқталады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазір құрылыс компаниялары 80 жеке үйдің іргетасын қалауға дайындықты бастаған.

Құлсары қаласының "Болашақ" шағынауданындағы алғашқы 80 үй "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынады.

Атырау облысының құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, бүгінде топырақты тегістеу жұмыстарына үш мердігер ұйымның 20 арнайы техникасы мен 30 жұмысшы жұмылдырылған.

"Қазіргі уақытта іргетас құрылысымен қатар, жаңа шағынауданға жол инфрақұрылымын салу жұмыстары басталды.Қалған инженерлік коммуникациялар жүргізіліп тұр", - деді Нұрберген Құсайынов.

Атырау облысының әкімдігімен арада қол қойылған меморандум шеңберінде жергілікті атқарушы орган жаңа үйлер салу үшін жер учаскелерін суға кетпейтін қауіпсіз аймақтардан бөліп жатыр.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган құрылыс жүргізу мерзімі мен техникалық талаптарды сақтай отырып, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылайды.