Дағыстанда толассыз жауған жаңбыр салдарынан тағы да су тасқыны болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл бір апта бұрын болған табиғи апаттан кейінгі қайталанған жағдай. Махачкала қаласында қатты жауын мен су басудың әсерінен үш қабатты тұрғын үй опырылып түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттың іргетасын су шайып кеткен болуы мүмкін. Бұл туралы өңірлік Тергеу комитеті хабарлады.
Оқиға алдында тұрғындар алдын ала қауіпсіз жерге көшірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта қалада тағы төрт көпқабатты үй қауіпті жағдайда тұр. Мамандар олардың қабырғаларында жарықтар пайда болғанын мәлімдеді.
Су тасқыны салдарынан Дағыстан бойынша 139 елді мекен жарықсыз қалды.
