Сотталып кеткен журналист Арай Есенбектің жақындары желіде тосын жайтты бөлісті

Сотталып кеткен журналист Арай Есенбектің жақындары желіде тосын жайтты бөлісті
©facebook.com/mikhail.kozachkov

Жуырда сотталып кеткен журналист әрі блогер Арай Есенбектің жақындары әлеуметтік желіде тосын жайтты бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Арай Есенбекке арналып ашылған arai_esenbek_aktalsyn парақшасында жарияланған жазбада оның ұялы телефоны құзырлы органдарда екені, алайда WhatsApp желісіне әлдекімдер рұқсатсыз кіріп жатқаны айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін ол "әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткені" туралы ақпарат тарады.

"Ол бұл сомаға әлеуметтік желіде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрон құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілдері бұған дейін.

Жуырда Арай Есенбек бопсалау ісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.