Шымкент әкімі Сыздықбеков танымал журналистің ұсталуына қатысты не дейді?

Сағыныш Сардарова 11 жел. 2025 14:56

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков жуырда ұсталған Арай Есенбекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Журналистер брифингте әкімнен осы істің мән-жайын сұраған.

"Тек заң аясында шешіледі. Себебі біз тергеу органы емеспіз. Құқық қорғау органдары жұмыс жасап жатыр. Кім ақ, кім қара екені сот шешімімен айқындалады", - деді қала әкімі бүгін өткен брифингте.

Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен.

"Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрон құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілдері бұған дейін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар