Solva Group Өзбекстанда микроқаржы ұйымын ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы топтың бас директоры Константин Барабанов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Dalanews.kz.
"Бұл процестің дайындығы, міне бір жылдан астам уақыт болды, жүргізіліп жатқанына. "Solva-ның" Өзбекстанда іске қосылуы "Онлайн Қазақстан" ЖШС заңды тұлғасына айтарлықтай қатысы жоқ", — деді Константин Барабанов.
Оның айтуынша, қазір соңғы кезең – үйлестіру және микроқаржы қызметімен айналысуға лицензия алу үстінде.
"Сондықтан Solva Group тұрғысынан біз Өзбекстанда іс жүзінде ашылдық деп айта аламыз", — дейді бас директор.
Ол Solva-ның өзбекстандық бизнесі Қазақстандағыдай болатынын айтады. Компания үшін негізгі басымдық шағын және орта бизнесті несиелендіру болады, бұл ретте микрокәсіпкерлерге ден қойылады.
Компанияның ақпарат баянында ел кәсіпкерлері үшін жеке IT-платформа әзірленгені айтылады. Өзбекстанда 2025 жылдың бірінші немесе екінші тоқсанында микроқаржылық қызмет лицензиясы беріліп қалады деп күтіледі. МҚҰ Өзбекстандағы микро бизнесті несиелеумен 2025 жылдың соңына таяу, мүмкін 2026-2027 жылдары айналысатын болады.
KASE деректері бойынша, 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Solva Group LTD жекеменшік компаниясы банкке айналуды жоспарлап отырған Solva брендімен танымал "Онлайн-Қазқаржы" МҚҰ-ға (13%) тиесілі. МҚҰ-дағы 75% үлес "SOLVA CAPITAL" ЖШС, 12% - Neo Crystal Holdings Ltd жекеменшік компаниясының меншігінде. "МҚҰ-дағы ең ірі үлестерге Борис Батин мен Александр Дунаев ие", делінген аталған қаржылық ұйымның 2023 жылғы қаржы есебінде.
Бұған дейін аталған микроқаржылық ұйымның банк болғысы келіп жатқанын жазған едік.