Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевтің жалақысы 4 миллионға көбейді, - деп хабарлайды Dalanews.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.
Қыркүйектен бастап Жылгелдиевтің жалақысы 4 миллион теңгеге көбейген. Мұндай шешімді Жамбыл облысының мәслихаты сессия өткен аптада өткен отырысында қабылдаған.
Мұндай шешім Спорт істері бойынша агенттік төрағасының 28 шілдедегі бұйрығына сәйкес шығарылған. Қыркүйек айына дейін Жылгелдиевтің жалақысы 1 миллион теңге болған.
Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары жалақының өсуі спортшылардың әлемдік жарыстарда жүлделер алуына байланысты автоматты қосымша төлем екенін атап өткен.
Елдос Сметовтің жалақысына әзірге ақша қосылмаған.
Сметов облыс әкімінің шешіміне сәйкес ең жоғары жалақы алады – 2 684 000 теңге. Енді Жамбыл облысының спорт басқармасы чемпионның жалақысын көтеру үшін шешімге өзгерістер енгізуде. Бұл келесі жылдан бастап қолға алынуы мүмкін.