Сыртқы істер министрлігі кімдерге нон грата жариялады?

Жарбол Кентұлы 11 ақп. 2024 10:23 7723

Қазақстан жайында шындыққа жанаспайтын жағымсыз пікір айтып, ҚР Сыртқы істер министрлігінің қара тізіміне іліккен біраз шетелдік азаматтың бар екенін көпшілік жақсы біледі. Қазақстанға келу құқығынан айырылғандардың көшін Ресейдің бейпіл ауыз саясаткерлері мен журналистері бастайтыны анық. Tengrinews.kz сайты Сыртқы істер министрлігіне сұрау салып, Қазақстанға келу құқынан айырылған щетелдіктердің кімдер екенін білуге тырысыпты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрлігі мұндай шетелдік азаматтардың бар екенін растап, бірақ олардың тізімін ашық ақпарат көздерінде жарияланбайтынын мәлімдепті.

– Әлемдік іс-тәжіибеде кез келген мемлекет өзінің аумағына кіріуге болайтын шетелдік азаматтарға нон грата жариялайды. Қазақстан да мұндай іс-тәжірибені қолданады. Бірақ нон гратаға ұшыраған персоналардың тізімі ашық ақпарат көзінде жарияланбайды, – депті ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Осыдан біршама уақыт бұрын Қазақстанды қаралап, әлеуметтік желіде Қазақстанда орыс тілі қысымға ұшырап жатыр деп екі елдің арасына сына қаққан ресейлік журналист Тина Канделакиға Қазақ жерін аттап басуға шектеу қойылды. Әлігі нон гратаға ұшыраған персоналар тізімінің бел ортасында Тина ханымның тұрғаны анық.

Бұдан басқа 2022 жылы сәуір айында Қазақстанды орынсыз қаралған тағы бір ресейлік журналист Тигран Кеосаян ауыздан авария болған еді. Бүгінде ол да Қазақстанға келу құқығынан айырылған.  

Ал саясаткерлер арасында Қазақстан тарапынан нон гратаға ұшырауға тиіс тұлғалардың көшін қайтыс болған Владимир Жириновский пен Евгения Федоров бастап тұруы мүмкін.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар