Шуда коронавирус жұқтыруы мүмкін екі Қытай азаматы пойыздан түсірілген

Dalanews 29 қаң. 2020 13:36 869

Қытай азаматтарынан жұқпалы вирус белгілері табылмады.

Жамбыл облысында коронавирус дертіне күдік келтірілген екі Қытай азаматы пойыздан түсірілді. Дәрігерлер вирустың табылмағанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Желіде "скафандр" киген дәрігерлердің пойызға жүгіріп бара жатқан суреті тарап жатыр. "Шу станциясында екі жолаушы коронавирус жұқтырды деген күдікпен пойыз тоқтатылды", делінген сурет астындағы жазбада.
- Сарыағаш-Нұр-Сұлтан бағытындағы пойыздан 29 қаңтарда түсірілген Қытай азаматтарынан жұқпалы вирус белгілері табылмады, деп хабарлады орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Мұқатаев.

- Түшкіре бергеннен соң күдік келтіріліп, Қытай азаматтары аудандық жұқпалы аурулар ауруханасының бөліміне жеткізілді. Азаматтарды тексеру кезінде вирус белгілері болмағаны анықталды. Жағдай бақылауда. Ауданда қауіпті инфекциялардың алдын-алу үшін арнайы жабдықталған жедел жәрдем көлігі бар. Босқа дүрлікпеулеріңізді сұраймыз, -дейді Шу ауданының әкімдігіндегілер.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар