Шымкентте шенеунік ұрлаған ақшасына әйеліне электромобиль сатып әперген

Кәмшат Тілеухан 19 нау. 2025 14:39 67193

Барлық ұрланған ақшаға сатып алынған активтер бұғатталады, оларды тәркілеу туралы мәселені сот шешеді. Арнайы баспасөз мәслихатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров жемқорлық бойынша күдікке ілінген тұлғалардың өз туыстарына мүлікті рәсімдеу жағдайларына да тоқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Агенттік тергеу кезінде күдіктілердің, сенім білдірген адамдарsyың және басқа адамдардың туыстарына рәсімделген активтердің барлығын тексереді.

"Әдетте, олар мүліктің және оған жұмсалған ақшаның қайдан пайда болғанын, заңдылығын дәлелдей алмайды, өйткені тапқан ресми кірістері аяқ-асты пайда болған актив құнынан едәуір төмен", деп түсіндіреді Биғайдаров.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікке ілінген тұлға заңсыз алынған ақшаға көлік пен екі пәтер сатып алған, кейін оны жұмыссыз туысына рәсімдеген. Ал Шымкентте шенеунік ұрланған ақшаға жұбайына электромобиль сатып алған. Жетісу облысында ақша, алты автокөлік пен пәтерді қоса алғанда, 2,8 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.

"Барлық осындай ұрланған ақшаға сатып алынған активтер бұғатталады, оларды тәркілеу туралы мәселені сот шешеді", - дейді Биғайдаров.

Бұған дейін сайтымызда Жетісу облысында білім саласында ұрланған қаржының бір бөлігі шетелдік банк шотынан табылғанын жазғанбыз


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар