Шымкентте кісі өлімімен аяқталған төбелес: үш қылмыстық іс қозғалды

Сағыныш Сардарова 23 қаң. 2026 09:12

Шымкентте адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, бұл жайт бойынша қасақана кісі өлтіруге оқталу және өлтіру, адам ұрлау, сондай-ақ, қару қолданып жасалған бұзақылық баптарымен тергеу басталған.

"Бірнеше күдікті ұсталды. Оқиға орнына Ішкі істер министрлігінің бірнеше бөлімше жетекшісі жіберілді. Олар мән-жайды анықтап, полицейлердің әрекетін тексереді", - деп жазылған мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте көшедегі жаппай төбелес адам өлімімен аяқталғаны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove