Шымкентте жасөспірім кішкентай қызды зорламақ болған

Қаракөз Амантай 02 ақп. 2026 15:22

Шымкентте жасөспірім кішкентай қызды көшеде ұстап алып, зорламақ болған. Оқиға 1 ақпанда болған. Күдіктінің әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, баланың ата-анасы полицияға арызбен жүгінген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті жасөспірім ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сонымен қатар оның ата-анасы да полиция бөлімшесіне жеткізілген.

"1 ақпанда полицияға жасөспірімнің кәмелетке толмаған қызды ұстап алып, оған қатысты заңсыз әрекет жасауға талпынғаны туралы арыз түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті", – деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

Қызбен психологтың қатысуымен әңгіме жүргізілді. Қазіргі таңда оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove