Жобаның таныстырылымы Алматы Тауэрстегі Impact Hub Pilot Almaty кеңістігінде өтеді.
Зерттеулерге көз түрсек, креативті экономика әзіргі күні қарқынды дамып жатқан саланың бірі екен. Дамыған елдерде креативті индустрияның үлесі ішкі жалпы өнімнің 5-9 пайызын құрайды.
Қазақстанда қазіргі таңда шығармашылық индустрияда жұмыс істейтін 18 мың кәсіпорын бар. Алайда олардың қызметін мәдени тұрғыдан қарастыру басым, кәсіпкерлік кластер ретінде көңіл бөлінбейді оларға. Бұл өз кезегінде экономиканың осы секторындағы бәсекелестікке кері әсерін тигізуде.
Айта кетелік, аталған жобаны биылғы жылдың мамырында Шеврон компаниясының қолдауымен Impact Hub Pilot Almaty (IHA) кеңістігі іске қосқан.
Осы арқылы өзгеше идеясы бар кәсіпкерлерге қанат бітіріп, олардың жобаларына қаржылай қолдау көрсетуді көздеген.
Жобаға әзіргі күні 15 кәсіпкер қатысуда. Қолөнер, жиһаз жасау, кино өнері, баспа ісі, сәулет өнері, мода, ән және театр өнері бағытында өз кәсіптерін ашқан бизнесмендер білікті әділ қазылардың тарапынан іріктелініп алынған.
Қазылар алқасының құрамында Қазақстандағы қолөнершілер одағының президенті Айжан Бекқұлова, Urban Forum Kazakhstan жетекшісі Галина Корецкая, Қазақстандағы Британ кеңесі мәдениет пен өнер жобасының жетекшісі Ләйлә Айтмұханова, Шеврон компаниясы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының үйлестірушісі Әмірхан Омаров, LaModa Kazakshtan директоры Мөлдір Ырсалиева бар.
Ерекше идеясы бар кәсіпкерлерге қолдау көрсететін Art2B бағдарламасы шығармашыл бизмендерге өз ісін қалай жобалау қажеттігін, қалай нәтижеге жетуге болатынын айтып жол көрсетеді.
Бизнес оқудан бөлек кәсіпкерлер өзара кәсіби байланыс орнатып, IHA, Almaty Pop Up Store және Lamoda Kazakhstan сияқты брендтермен біріккен жобалар жасайтын болады.
Байқау қорытындысы бойынша 10 кәсіпкер өз жобаларын жүзеге асыруға арналған мини-грант иегері атанады. Ал үздік танылған 3 жоба өз өнімдерін осы жылдың желтоқсанында Almaty Pop Up Store жәрмеңкесінде қалың қауымға таныстыруға мүмкіндік алмақ.