Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде күтпеген тексеру өткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Министрлік мәліметінше, ведомство басшысы әскери бөлімнің күнделікті қызметімен танысып, әскери қызметшілердің орналасуы мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын бағалады.
Тексеру барысында казармалардың санитарлық және техникалық жағдайына, сондай-ақ әскери қалашықтың инфрақұрылымына баса мән берілді.
Бақылау нәтижесінде әскери қызметшілердің тұрмыс сапасын арттыруға және бөлімнің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма жүктелді.