Алматыда жол опырылып, бірнеше көлік шұңқырға түсіп кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Желіде тараған мәліметке сүйенсек, жол жөндеу жұмыстары кезінде Момышұлы-Рысқұлов көшелері қиылысында жолдың бір бөлігі опырылып, терең шұңқыр пайда болған. Бірнеше көлік шұңқырға түсіп, осы аумақтағы қозғалыс қиындаған.
Оқиға салдарынан жолда көлік кептелісі де пайда болған. Куәгерлердің айтуынша, бұл жағдай түнгі сағат 1 шамасында болған.
Жүргізушілерден жолда абай болып, мүмкіндігінше айналма бағытты таңдау сұралды.
Қала тұрғындары бұл жайт таңертең де қиындық туғызатынын айтқан. Жауаптылар әзірге пікір білдірген жоқ.