Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путин туралы айтқан пікіріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Песковтың айтуынша, мұндай мәлімдемелерді болашақты болжай алатын, саяси ұстанымы берік әрі дәйекті саясаткерлер ғана жасай алады.
«Президент Тоқаев – саяси салмағы зор, мүмкіндігі мол тұлға. Болашақты көре білетін, берік ұстанымы мен дәйектілігі бар саясаткерлер ғана осындай пікір айтуға қауқарлы. Басқалар мұны жасай алмайды», – деді Кремль өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Германияға жасаған сапары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді «көрнекті мемлекет қайраткері» деп атаған болатын. Сондай-ақ ол Путинді Қазақстан, Орталық Азия, Еуропа және жалпы әлем үшін ең қолайлы саяси тұлғалардың бірі деп санайтынын мәлімдеген.