"Шетелдіктер қуанып жатыр". Жәнібек Әлімханұлы отандастарына алғысын білдірді

Cағыныш Сардарова 08 жел. 2025 09:37

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде үндеу жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол отандастарына ризашылығын білдірді.

"Қолдап жатқан спортшы бауырларым мен жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын! Шетелдіктер дауға қуанып жатқанда, өз қазағым оларға қосылмай, жатқа жығып бермей, қасымнан табылып, таза екенімізге сеніп білдіріп жатқаны жаныңа демеу болады екен!" - деді спортшы.

Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда Куба боксшысы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда кездесу болмайтыны ресми түрде хабарланды. Бұған себеп: қазақстандық боксшының анализінен тыйым салынған препарат табылған.

Кейінірек туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауына пікір білдірді. 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар