Шетелдік инвесторлар еліміздің қай салаларына инвестиция жасауға дайын

Шетелдік инвесторлар еліміздің қай салаларына инвестиция жасауға дайын
gov.kz

"Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының директоры Жанна Байдашева шетелдік компаниялардың қандай салаларға инвестиция салуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, халықаралық ұйымдардың басшылары мен жетекшілері, вице-президенттері Қазақстан үшін жаңа бастамалар, ұсыныстар, жобалар ұсынбақ. Олар денсаулық сақтау, фармацевтика, жер қойнауын пайдалану, көлік және логистика салаларына қамитды.

"Сондай-ақ мұнай-газ, цифрландыру да қамтылады, өйткені бұл - Қазақстан үшін өте маңызды салалар", деді Байдашева.

Ол Қытай мен АҚШ мұнай-газ саласына, ал еуропалық және американдық компаниялар денсаулық сақтау саласына инвестиция салуға дайын екенін айтты.

"Біз қазір басқа елдерге тәуелді болмас үшін өзіміздің дәрі-дәрмек өндірісімізді дамыту үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, әрине, ғылымды, зертханаларды, зерттеулерді дамытуға, жаңа технологияларды тартуға, адами капиталды дамытуға және кадрлар даярлауға инвестиция салатын болады", - дейді Жанна Байдашева.

Айта кетсек, күні кеше, 30 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады.Штаб пәтері БАӘ-де орналасқан G42 компаниясы жасанды интеллект, киберқылмыс,цифрландыру сынды бағытта жұмыс істейді. Мәселен, бүкіл дүниежүзі полициясы пайдаланатын бейнебақылау жобасы осы компанияға тиесілі.