Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ аумағында қаза тапқан Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың мәйітін елге жеткізуді ұйымдастырды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Министрліктің мәліметінше, 16 маусымда АҚШ-тың құзырлы органдары бұған дейін мәйіті табылған адамның жеке басын ресми түрде анықтап, оның Қазақстан азаматы Асет Құралбай екенін растаған. Америкалық құқық қорғау қызметтері оның денесін 15 маусымда тапқанымен, сол кезде жеке басы ресми түрде нақтыланбаған болатын.
Әсет Құралбайдың Чикаго қаласында із-түзсіз жоғалғаны туралы 13–14 маусым күндері белгілі болды. Оның жақындарымен соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққаны хабарланған.