Freedom Inside '26

Ақтөбе облысында атасы мен немересі суға батып кетті

Ақтөбе облысында атасы мен немересі суға батып кетті
Фото: freepik.com

Ақтөбе облысында өзенге батып бара жатқан немересін құтқармақ болған 61 жастағы ер адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 19 маусым күні Бестамақ ауылының маңындағы Ілек өзенінде болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 17 жастағы қыз өзеннің таяз жерімен өтпек болған кезде су астындағы терең шұңқырға түсіп кеткен. Немересін құтқаруға ұмтылған атасы бірден суға секіргенімен, екеуі де жағаға шыға алмай, суға батып кеткен.

Марқұмдардың денесін оқиға орнында болған куәгерлер судан алып шыққан.

Оқиға болған жерде "Шомылуға болмайды" деген ескерту белгісі орнатылған. Мамандар бұл аумақта шомылу өмірге аса қауіпті екенін ескертеді.