Шерзаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Көркем Алдабергенова 18 қаз. 2024 15:47 8499

Полицейлер 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір адамды ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 17 қазанда Шерзатты өлтіру дерегі бойынша жүргізілген қылмыстық істі тергеу аясында К. есімді тағы бір күдікті ұсталды. 

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Талғарда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша 11 адам ұсталды. Бұған дейін 10 күдікті туралы хабарланған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осы жағдайдан кейін төбелес басталған.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 7 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Ал 15 қазанда Ішкі істер вице-министрі тағы үш күдіктіні ұстағанын мәлім етті.

Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен кейін қанша қару тәркіленгенін айтты.

Одан кейін Шерзаттың үйіне күзет қойылды.

Көп ұзамай марқұм Шерзаттың үйі өртенді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар