Шерзаттың әкесі ұлы ауруханаға апара жатқан сәтте көз алдында қайтыс болғанын айтты

Сағыныш Сардарова 18 сәу. 2025 16:39 664

Сотта Қаржаубай Нұрымов жауап беру кезінде марқұм Шерзат Болаттың өмірінің соңғы сәттерін еске алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Нұрғанат пен Шерзатты көлікпен апара жатқан кезде Шерзат орындықтан жылжып құлап кетті. Тоқтатып, қарадым. Жаны шығып кетті. Өзім жансақтау шараларын жасап көрдім. Көлікке алған кезде Шерзатта пульс бар еді. Жолда кетіп бара жатқан кезде жылдамдықты асырдым. Тоқтаған кезде пулсь болмай қалды", – деді Қаржаубай Нұрымов.

Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?

Еске салайық, былтыр Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат көз жұмды.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, олардың үйі өртеніп кетті.

Көп ұзамай, яғни 9 желтоқсанда марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев ажал құшты. Полиция департаменті алдын ала деректер бойынша ол суицид жасағанын мәлімдеді. Оған дәлел ретінде полицейлер Нұрғанаттың туысына мессенджер арқылы жазған хатын жария етті. 

Ал марқұм Шерзаттың әкесі бауыры Нұрғанат Ғайыпбаевты жер қойнына тапсырғанан кейін бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуді талап етіп, көшеге шықты. Алайда араға ұзақ уақыт салмай Қаржаубай Нұрымовты полиция қызметкерлері ұстап әкетті. Артынша Шерзат Болаттың әпкесі қамауға алынды. Кейін Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар