Шавкат Рахмоновтың әйелі тосын мәлімдеме жасады

Сағыныш Сардарова 20 нау. 2026 09:34

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде өздерінің ажырасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, спортшы ажырасқаннан кейін балаларынан бас тартқан. Гүлайым Рахмонова төрт бала тәрбиелеп отырғанын және бесінші сәбиін күтіп жүргенін жеткізді.

"Ажырасқаннан кейін балалар анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты... Соншалық қамқор әке бір күннің ішінде өзгеріп, балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаған едім. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын. ...Әкесіне балалары керек болмаса, балаларға да әкесі керек емес!" – деп жазды ол.

Әзірге бұл мәселеге қатысты Шавкат Рахмонов ресми пікір білдірген жоқ.

Еске салайық, Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы 2025 жылы 27 шілдеде жол апатына түскен еді.

Полицияның мәліметінше, республикалық маңызы бар Алматы–Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Жол апаты салдарынан екі әйел қаза тапқан болатын.

Кейінірек жол апатынан қаза тапқан қыздың отбасы спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайын кешірді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove