Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлайым Рахмонова қатысқан жол-көлік оқиғасына қатысты істі қарау күнін белгіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталған Рахмонова Гүлайым Сәрсенбекқызына қатысты қылмыстық іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне қабылдансын. Іс бойынша алдын ала тыңдау 2026 жылғы 16 ақпанда сағат 15:00-де осы сот ғимаратында өтеді", – деп жазылған сот хабарламасында.
Сот процесі қазақ тілінде жүргізілетіні айтылды.
