Astana Team балалар хоккей командасы Канадада топ жарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады.
Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың сенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді.
Президент жас хоккейшілерге табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.
