Сарапшылар 2025 жылы пәтер сатып алуға қай кезең ыңғайлы болатынын айтты

Кәмшат Тілеухан 10 шіл. 2025 12:09

Сарапшылар тұрғын үй нарығындағы баға жыл соңына дейін өзгеруі мүмкін екенін айтады. Сондықтан дәл қазір, үй сатып алғысы келетіндерге әліптің артын бағып, кем дегенде екі ай қоя тұрған абзал. Бірақ, керісінше алда бағаның күрт өсу ықтималдығын да мамандар жоққа шығармайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық статистикалық бюро мәліметтері көрсеткендей, бүгіндері Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсуде. Маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бастапқы тұрғын үй  бағасы (жаңадан салынып жатқан) бір жылда 9,5%-ға қымбаттады. Екінші нарықтағы (қолданыстағы баспаналар) өсім 6,7% -ды құрады, ал жалдау ақысы 9,4%-ға өсті. Алайда, экономист Эльдар Шамсутдинов алда сұраныс төмендеп, күзде бағада өзгеріс болуы мүмкін екенін айтады

Экономистің айтуынша, бүгінгі таңда тұрғын үй бағасының өсу қарқыны баяулауда: маусым айында жаңа үйлер бағасы 1,1% -ға ғана өсті, ал Астанада құн 0,4% -ға төмендеді. Бір мезгілде жасалған мәмілелер саны да азайды (Астанада: -6% және Алматыда: - 5%) және ұсыныс көлемі де артқан: қаңтар-мамыр айларында қолданысқа берілген жаңа тұрғын үйлер  5,7%-ға өсті, ал жеке тұрғын үй құрылысының (ЖТҚ) үлесі бар көлемнің үштен бірінен асады. Яғни, сатып алушылар пәтерлерге емес, жер үйлерге көбірек көңіл бөле бастаған (өсім 9,4%).

"Қазақстандағы тұрғын үй нарығы 2023-2025 жылдардың басындағы белсенді өсімнен кейін теңгерімді кезеңге қарай бет бұруда. Маусым айында ҚР бойынша жаңа ғимараттардың бағасы жыл басынан бері 6,9%, ал соңғы бір айда 1,1%-ға өсті, алайда елордада жағдай өзгерді: бір айда - 0,4%, Алматыда өсім баяулады. Сонымен қатар екінші нарықта да қарқынның тежелу белгілері байқалады: Астанада бір айдағы өсім - 0,6%, ал Алматыдағы қарқын нөл", – деп атап өтті экономист.

Оның айтуынша, бұл фактілер дәл қазір мәміле жасау үшін тамаша уақыт сияқты көрсетуі мүмкін. Алайда, ірі мегаполистерде пәтер сатып алу туралы шешім қабылдағанда, кейбір мынандай нюанстарды ескеру қажет.

"Бұл арада шешім қабылдауда маңыздысы белгілі бір қалаға байланысты. Егер дәл қазір пәтер сатып алғыңыз келсе, дұрысы Алматының бірінші нарығын таңдаған абзал. Өйткені мұнда әлі де ұсыныстар шектеуді және салыстырмалы түрде тұрақты сұраныс бар. Бірақ жаңа тұрғын үй ұсынысын арту ықтималдылығын ескерген жөн. Сондықтан, мүмкін болса, күзге дейін күтіңіз. Астанадағы екінші тұрғын үй мен жаңа құрылыстан пәтер таңдауды да кейінге қалдыра тұрған дұрыс: екінші жартыжылдықта баға төмендеуі мүмкін", – деп есептейді экономист.

Ал экономист Руслан Сұлтанов Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы маусым айында барлық сегменттер бойынша өсімді көрсетті, бірақ динамикасы біркелкі емес екенін айтады.

"Бірінші жылжымайтын мүлік нарығы мемлекеттік қолдау және ипотекалық бағдарламалар арқылы көш бастап тұр, ал екінші тұрғын үй  мен баспана жалдау нарықтарында бәсекелестік қызып, сұраныстан ұсыныстардың артуы байқалады. Бұл тенденциялар сұранысқа, несиелердің қолжетімділігіне және жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялық қызығушылыққа байланысты алда өзгеріске ұшырауы мүмкін", - дейді ол.

Бұған дейін сайтымызда Қазақстанда үйлер өтпей жатқанын, бірақ бағаның түспей тұрғанын жазғанбыз


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар