Freedom Inside '26

Қазақстанда үйлер өтпей жатса да баға түспей тұр

Қазақстанда үйлер өтпей жатса да баға түспей тұр
ChatGPT

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы белсенділік күрт баяулады. 2025 жылғы маусым айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілер саны 33 273 құрап, мамыр айымен салыстырғанда 2,1%-ға азайды. Бірақ соған қарамастан баға төмендер емес, керісінше қымбаттау құбылысы байқалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сәйкес, маусым айында көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша жасалған мәміле 3,1%-ға (25 429) азайып, ал жеке үйлер бойынша жасалған мәміле (7 844) 1,3%-ға өскен.

Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 628 – 19,9%) және Астана (6 072 – 18,2%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 392 – 7,2%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең азы – 282 (0,8%).

2025 жылдың мамырымен салыстырғанда маусымда мәмілілір санының ең көп өсімі Атырау (+23,2%), Қостанай (+7,1%) облыстарында және Шымкент (+6%) қаласында тіркелді. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Павлодар (-12,1%), Қызылорда (-12%) және Батыс Қазақстан (-10%) облыстарында орын алды.

2025 жылдың мамырымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 3,1% (812 мәмілеге) азайды. 2025 жылдың маусым айында пәтерлер бойынша барлығы 25 429 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 76,4%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24%), Астана (23,4%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,7%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1-бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың маусым айында олар бойынша 9 917 мәміле ресімделген.

2025 жылдың мамыр айымен салыстырғанда маусымда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 1,3% (99 мәмілеге) өсті. Маусымда барлығы 7 844 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Павлодар (+20,1%), Жетісу (+19,4%) және Ақтөбе (+13,2%) облыстарында байқалды.

2025 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 1% көбейген, ол кезде 32 943 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Астана (26,2%) қаласында байқалады, ең үлкен төмендеу – Батыс Қазақстан облысында (-43,5%). 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-маусым айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 4,3% өсім байқалады.

"Бір жылда (2025 жылғы маусым 2024 жылғы маусымға) жаңа тұрғын үйлерді сату – 9,5%, қайталама нарықта пәтерлерді қайта сату бағалары 6,7% жоғарылады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 9,4% жоғарылады. Бір айдың ішінде (2025 жылғы маусым 2025 жылғы мамырға) жаңа тұрғын үйді садасындағы баға 1,1%, екінші нарықтағы пәтерлер бағасы 0,9%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,3% қымбаттады", делінген бюро мәліметінде.