Серік Сәпиевтің орынбасары Дәурен Есімханов даулы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы желідегі парақшасында жазды.
"Қазір әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатыр. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Серік Сәпиев соққыға жығылып, орынбасары тергеуге алынғанын хабарлаған едік.
Артынша желіде оқиғаның видеосы тарады. Серік Сәпиев сол күні даулы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған еді.
Бұл оқиғаға байланысты Қарағандының Спорт басқармасында аудит жүргізіледі.
