Боксшы Серік Сәпиев даулы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
"Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты келесіні атап өткім келеді. Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылықтарға ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.
"21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған. Қазір полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
