Қарағандыда боксшы Серік Сәпиев соққыға жығылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.

Айта кетейік, Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған. Қазір полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
