Сапиев пен Исламға жаңа қызмет берілді

Самал Асқар 25 нау. 2026 09:41

Қазақстан бокс федерациясында кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Dala News.

Олимпиада чемпионы Серік Сапиев федерация президентінің бокс дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Ол ұлттық құрамалардың нәтижесін жақсарту, спортты жүйелі дамыту және Олимпиададағы жетістіктерді арттыру бағытында жұмыс істейді.

Ал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 19 жасқа дейінгі ерлер құрамасының үйлестірушісі болды. Ол жастар құрамасының дайындығын қадағалап, халықаралық деңгейдегі нәтижелерді жақсартуға атсалысады.

Айта кетейік, Серік Сапиев – Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем және Азия чемпионы. Ал Қанат Ислам – WBA Fedecaribe тұжырымы бойынша чемпион, әуесқой бокста да ірі жарыстардың жүлдегері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove