"Жүрегімізден мәңгі өшпейтін із қалдырдың": Ақжайық Гилаждың әпкесі марқұм бауырын еске алды

"Жүрегімізден мәңгі өшпейтін із қалдырдың": Ақжайық Гилаждың әпкесі марқұм бауырын еске алды
Фото: instagram.com/mangystau_oblysynyn_akimdigi

Каспийдегі қайғылы оқиғада қаза тапқан Ақжайық Гилаждың әпкесі Әдемі Гилаж әлеуметтік желіде марқұм бауырына арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол інісінің отбасы үшін орны бөлек болғанын айтып, оның есімі мен жақсы қасиеттері жақындарының жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.

"Ақжайық, сен біз үшін тек жақсы ұл, жақсы бауыр болып қана қалған жоқсың. Сен – әкеміз бен анамыздың жүрегіндегі перзентсің, біздің өміріміздің ажырамас бөлшегісің. Сенің барыңда да, енді жоқтығыңда да біз сені мақтан тұтамыз. Сенің есіміңді әрдайым мақтанышпен атаймыз, жақсы қасиеттеріңді ұмытпаймыз. Қысқа ғұмырыңда жүрегімізден мәңгі өшпейтін із қалдырдың.

Алла сені Өз рақымына алсын, бауырым. Қабіріңді нұрға толтырып, жатқан жеріңді жайлы, топырағыңды торқа етсін", – деп жазды Әдемі Гилаж Instagram парақшасында.