11 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бір қызығы Бельгия королі Қазақстанға қарапайым рейстік ұшақпен келген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Король мен Патшайым air Astana рейсімен келген. Ашық дереккөздегі мәлімет бойынша, Бельгияның үкіметтік әуе паркі бар, алайда оның құрамындағы ұшақтар шағын — A321 және Falcon үлгілері. Бұл жолы Қазақстан делегациясының құрамында 110 адам, оның ішінде 25-тен астам бас директор, ректорлар мен министрлер болғандықтан, ұзақ қашықтыққа ұшатын кең фюзеляжды чартерлік ұшақ қажет болды.

Мұның тағы бір себебі — символдық мәнінде болуы мүмкін. Маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге сапары кезінде авиация саласындағы келісімге қол қойылып, Air Astana компаниясының құны 7,145 млрд еуро болатын ұшақтарға тапсырысы мақұлданған еді. Корольді Air Astana ұшағымен қарсы алу — екі тарап арасындағы серіктестікті көрсетіп, қабылдауды Қазақстан тарапының ұйымдастырғанын білдіретін дипломатиялық ишара.
Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Патшайым Матильданы Президент Қасым-Жомарт елорда әуежайынан қарсы алды.

Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін Король мен Патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.
Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.