Жексенбі күні Эр-Рияд халықаралық әуежайының жолаушылар терминалына тағы да шабуыл жасалды. Сауд Арабиясының билігі зардап шеккендер бар екенін хабарлады. Қазір келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
CBS News мәліметінше, шабуыл Йемендегі хуситтер қозғалысы сенбіден бері Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға кемінде төрт рет шабуыл жасағанын мәлімдеген тұста болды.
Сауд Арабиясының билігі шабуыл салдарынан зардап шеккендер бар екенін растады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.
Хуситтердің әскери қанатының өкілі, бригадалық генерал Яхья Сари бұл шабуыл Сауд Арабиясының әрекеттеріне жауап болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, корольдік соңғы тәулікте Йемен аумағына 120-дан астам әуе соққысын жасаған.
Еске салайық, бұған дейін Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, тағы 309 адам жараланғаны хабарланған еді. Шабуылға жауапкершілік Йемендегі хуситтерге жүктелген. Олар әуежай нысанына зымыран ұшырған деген ақпарат тараған.