"Самұрық-Қазына" IPO-да ҚТЖ-ның 20%-ға жуық акциясын сатпақшы

Кәмшат Тілеухан 14 нау. 2025 15:46 159

"Самұрық-Қазына" IPO шеңберінде теміржол операторы, "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) акцияларының 20%-на дейінгі мөлшерін сатуға ниетті. Бұл туралы аталған қордың Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz  Kapital.kz-ға сілтеме жасап.

"Екінші жағынан, біз компания акцияларының 20%-на дейінгі мөлшерін сатуды жоспарлап отырмыз, сәйкесінше акционер немесе сол акцияларды сатып алған адам магистральдық желіге ғана емес, иелігінде тек МЖС (магистральдық теміржол желісі ИФ-К) ғана емес, сондай-ақ басқа да активтер бар ҚТЖ компаниясының өзіне иелік ететін болады", - деді ол жұма күнгі қордың қоғамдық кеңесінің отырысында.  

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес, IPO қарсаңында кең ауқымды пиар-компаниялар өткізуге шектеулер қарастырылған.

"Сондықтан біз дайындығымыздың бар мәліметтерін ашып айта алмаймыз, бірақ негізгі ақпаратты сіздерге жеткіздік", - деді Нұрлан Жақыпов.

Бұған дейін хабарланғандай, желтоқсан айының ортасында қор орналастырылған ҚТЖ-ның жалпы акцияларының 10%-дан 25%-на дейінгісін сатуды қарастырған болатын. Сол кезде мұндай жайт қолайлы нарықтық жағдайда орын алатыны нақтыланған.

Сондай-ақ "Самұрық-Қазына" оңтайландыру міндеттері аясында еншілес құрылымы - "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС-ін таратпақ

Айта кетсек, 2024 жылы 27 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорын реформалау барысына көңілі толмайтынын жеткізген


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар