Садыр Жапаров 2027 жылғы президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

Садыр Жапаров 2027 жылғы президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді
Садыр Жапаров. Фото: Vyacheslav OSELEDKO / AFP via Getty Images

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келесі президенттік сайлауға қатысып, мемлекет басшысы қызметіне екінші мерзімге түсуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы ол журналист Али Токтакуновқа берген сұхбатында мәлімдеген.

"Мен тағы бір мерзімге сайлауға түсіп, жұмысты жалғастыруға ниеттімін. Сайлауға кім қатысқысы келсе, қатыса берсін. Ешкімге шектеу қойылмайды", – деді Садыр Жапаров.

Қырғызстандағы кезекті президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға жоспарланған.

Садыр Жапаров алғаш рет 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен. Ресми мәлімет бойынша, ол сайлаушылардың 79,2 пайыз дауысын жинаған.

Жапаровтың президент қызметіне кірісу рәсімі 2021 жылғы 28 қаңтарда өткен.