"Соколов-Сарыбай" кен орнында бақылаусыз жарылыс болып, бір жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға 5 қаңтарда болған. Бұл ақпаратты кәсіпорынның корпоративтік коммуникациялар қызметі растады.
Ведомство мәліметінше, 25 жылдық тәжірибесі бар 55 жастағы машинист ірі кен кесектерінің кептелуін жою жұмыстарын атқарып жатқан. Аталған жұмыстар өндірістік жарылғыш заттарды қолдану арқылы орындалған.
Бақылаусыз жарылыс нәтижесінде жұмыскер жарақат алып, Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қызметтік тергеу басталды.
