Рудный қаласында кісі өлтіру қылмысына қатысы бар деген күдікпен 16 және 17 жастағы екі жасөспірімге іздеу жарияланды. Оларға қатысты жедел іздестіру ақпараты Қазақстанның барлық өңіріне таратылды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Күдіктілер 19 жастағы танысын өлтірді деген күдікке ілінген.
Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы — «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
«Күдікті тұлғалар анықталды. Қазақстан аумағындағы барлық полиция бөлімшелерінің жеке құрамы бағдарланды, оларды ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», — деп хабарлады ведомстводан.
