Ресейде 7 айлық қазақстандық бала табылды

Көркем Алдабергенова 15 қаз. 2024 10:09 2558

Шетелден 7 айлық бала табылып, Қазақстанға қайтарылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеп.

Комитет 7 айлық Қазақстан азаматының Ресей Федерациясынан елге оралғанын хабарлаиды. Келген бойда бүлдіршін балалар ауруханасына қаралып, тексерілу үшін жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінуде. Медициналық шаралар аяқталған соң нәресте "Балалар үйі" КММ-не жіберіледі. Баланы алып келу процесіне әдіскер-қамқоршы және анестезиолог-реаниматолог қатысты.

"Біз үшін әрбір баланың қандай жағдай болмасын, қажетті қолдау алуы маңызды. Сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматына барынша қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз. Тиісті органдар мен мамандар кішкентай нәрестені елге қайтару үшін орасан зор жұмыс атқарды. Осы жақта оның өсіп-жетілуі үшін білікті мамандар қолдан келгеннің бәрін жасайды", - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Ведомство мәліметінше, комитет балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді жұмысты жалғастырып жатыр.

"Біз қажет болған жағдайда балаларды Отанына қайтару үшін бар күш-жігерімізді саламыз және олардың кәсіби мамандардың қамқорлығында болуын қамтамасыз етеміз", - делінген хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар