Үйде жалғыз қалған: Жітіқарада бір үйдің бес баласы қаза тапты

Көркем Алдабергенова 11 қаз. 2024 11:06 1807

Қостанай облысында жеке үйден өрт шығып, кәмелетке толмаған бес бала қаза тапты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

"Наша газета" мәліметінше, қайғылы оқиға 11 қазанға қараған түні Жітіқарада болған. Сағат 04.29-да үйден өрт шығып, 1 мен 8 жас аралығындағы бес бала қаза тапты. 

Балалар үйде жалғыз қалған. Алтыншы бала аман қалған. 

"Құтқарушылар 7 минуттың ішінде келген. Алайда үй тұтас өртеніп кеткен", - дейді жергілікті әкімдік өкілдері. 

Өрт сағат 06.08-де толық сөндірілген. 

Үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған балалар болған. Араларында тек 2011 жылы туған бала аман қалған. 

"Алдын ала болжам бойынша, олардың анасы кешкі уақытта танысына кеткен. Күйеуі бас бостандығынан айырылған. Өрттің қайдан шыққаны анықталып жатыр", - делінген хабарламада. 

Облыстық прокуратура мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тергеу амалдары облыс прокурорының бақылауында. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар