Sofreh Capital негізін қалаушы Қазақстандакомпания кеңселерін ашпақ

Sofreh Capital негізін қалаушы Қазақстандакомпания кеңселерін ашпақ

Америкалық инвестор елдің инженерлік әлеуетін атап өтіп, Қазақстанның AI экономикасын дамытуға инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Sofreh Capital компаниясының негізін қалаушы әрібас директоры Шервин Пишевар Қазақстандакомпания кеңселерін ашып, командасының бірбөлігін елге көшіру және Қазақстанныңболашағына инвестиция сала бастау ниетінбілдірді. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқанхалықаралық AI & Digital Bridge 2026 форумы аясындағы THE NEW ECONOMY: POWERED BY AI сессиясында айтты.

Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуперспективалары туралы сөз қозғаған ШервинПишевар елдегі инженерлік кадрлардың, инновацияларды мемлекеттік қолдаудың жәнересурстық базаның үйлесімін атап өтті.

«Сіздерде бөлісуге болатын нақты кейстер мен мысалдар бар. Мысалы, Higgsfield-ті алайық. БұлҚазақстанды алдыңғы қатарға шығарып, қазақстандықтардың инженерлік әлеуетінкөрсеткен мысал. Миллиардтаған доллар көлеміндегі көрсеткіштердің өзі сіздерде зоринженерлік әлеует бар екенін аңғартады. Мұнымақтан тұту керек», – деді ол.

Инвестордың айтуынша, Қазақстанда AI экономикасын дамытуға ықпал ететін бірқатарфактор бар.

«Сіздерде таланттар, инженерлік кадрлар, инновациялар мен жаңашылдықты қолдайтынмемлекет, сондай-ақ AI экономикасын дамытуғақажетті ресурстар бар. Сіздерде ғарышөнеркәсібіне қажетті минералдардың барлығы бар, спутниктер, атом инфрақұрылымы, Higgsfield бар. Сондықтан мен Қазақстанда кеңселер ашып, компанияны осында көшіріп, елдің болашағынаинвестиция сала бастағым келеді», – деді ШервинПишевар.

Ол сондай-ақ технологиялық экожүйеніңқалыптасуын Кремний алқабының дамуыменсалыстырып, уақыт өте келе оныңартықшылықтары көбіне материалдық емессипатқа ие болып, жинақталған білім мен құзыреттерге байланысты қалыптасқанын атап өтті.

Бұл мәлімдеме Қазақстанның AI инфрақұрылымындамыту мәселелері талқыланып жатқан тұстаайтылды. Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министріЖаслан Мәдиев Қазақстан AI экономикасыныңэнергетикалық және чиптік инфрақұрылымнанбастап, өздерінің тілдік модельдері мен қолданбалышешімдеріне дейінгі барлық бес деңгейін жүйелітүрде дамытуды көздеп отырғанын айтты.

Ал «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы БағдатМусин есептеу қуаттарын экспорттау мүмкіндігібар екенін атап өтті. Оның айтуынша, дата-орталықтарды дамыту және технологиялықкомпаниялармен әріптестік Қазақстанда AI экономикасының жаңа бағытын қалыптастыруғамүмкіндік береді.